+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Биыл пара алған 16 полиция қызметкері ұсталды - ІІМ

2020 жылғы 20 ақпан 18:40
Бөлісіңіз:
Биыл пара алған 16 полиция қызметкері ұсталды - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл пара алған 16 полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында спорт алаңына бөлінген ақшаны жымқырған ауыл әкімі сотталды БҚО-да жол инспекторлары жүйелі түрде пара алу күдігіне ілінді Жетісай әкімінің орынбасары парамен ұсталды

«2020 жылдың басынан бері 16 полиция қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Ұсталғандардың арасында жол-патрульдік полициясының қызметшілері, тергеушілер, сондай-ақ ҚАЖ комитеті құрамындағы мекемелердің өкілдер бар. Статистикалық ақпаратқа қарағанда, әр өңірде бір адамнан анықталды. Биыл Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында осындай оқиғалар тіркелмеді. Алған параның ең жоғары сомасы 100 мың теңгені құрады. Ал кеше Петропавлда екі млн теңге сомасында полицейдің пара алу күдігіне іліккені белгілі болды», - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар ол көлікке мас күйінде отырған полицейлер туралы айтып берді.

«Осы жылы мас күйінде көлікті басқарған 18 қызметші анықталды. Олардың, әрқайсысы 7 жылға өзінің куәлігінен айырылады, 15 тәулікке қамалады, сондай-ақ міндетті түрде қызметінен босатылады», - деді А. Саданов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, СҚО-да тергеуші 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT