Биыл өткен жылға қарағанда 1,5 млн тонна астық кем бастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл өткен жылға қарағанда 1-1,5 млн тонна астық кем бастырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан нан бағасы қымбаттап келе жатыр дегеніңіз дұрыс емес. Себебі жылдың басында осы жерде брифинг өткізіп, нан бағасын ұстап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 100-150 мың тоннаға дейін астықты нан пісіретін комбинаттарға төмендетілген бағамен сататындығын айтқанмын. Сол бидайдың 100 мың тоннасын саттық. Нанның бағасы содан бері тұрақты», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол ауа райының қолайсыздығына байланысты биылғы жылы 1-1,5 млн тонна астық кем жиналатындығын айтты.

«Астықтың кем жиналуы ішкі нарыққа әсер етпейді. Өйткені, 19 млн тонна астық жинайтын болсақ, оның 9 миллионы ішкі нарыққа қалады. 7-8 млн тоннасын экспортқа шығарамыз. Ар жағында 2 млн тағы қалады. Оның үстіне былтырғы жылдан қалған ауыспалы 1,5 млн астық бар. Сонымен ішкі нарықты қамтамасыз етуге астық көлемі жеткілікті болады. Бұған қоса, нан пісіретін кәсіпорындарды ұнмен, құс фабрикаларын жемдік астықпен қамтамасыз ету үшін корпорация сатып алатын 1 млн тоннаның 150 мың тоннасын нан пісірушілерге, 100 мың тоннасынқұс фабрикаларына резервте ұстап отырамыз», - деді Сапархан Омаров.


Соңғы жаңалықтар