Биыл отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалды - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өтінішсіз полицейлер «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Нәтижесінде, жазасыздық өз бетімен кетуге жол береді. Қол жұмсау әдетке айналады. Түбінде, ауыр зардаптарға апарады. Осы жылдың өзінде отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалған», - деді Марат Ахметжанов.

Оның атап өтуінше, министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сигналдарға тиісті іс-шаралар қабылдап жатыр.

«Жыл басынан бері отбасында жанжал шығарушыларға қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша 10 мыңнан астам адам қамауға алынды. 8,5 мың адамға ескерту берілді. 675 адамға айыппұл салынды. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 67 мың қорғау нұсқамасы шығарылды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар