Биыл отандық кәсіпорындар 109 мың жеңіл автокөлік құрастырады
2022 жылғы 28 сәуір 17:53

Биыл отандық кәсіпорындар 109 мың жеңіл автокөлік құрастырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл отандық кәсіпорындар 109 мыңға жуық жеңіл автокөлік құрастырады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы 93 мың автокөлік құрастырылды. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 20 пайызға жоғары. Осы жылдың бірінші тоқсанында 22 239 көлік шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4 пайызға артық», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол осы жылы елімізде автомобиль құрастыруға қатысты белгіленген жоспар қандай екенін айтып берді.

«Бүкіл әлемде автомобиль тапшылығы байқалып отырғанын атап өткім келеді. Өздеріңіз де бүкіл әлемде логистикалық тізбектің бұзылғанын білесіздер. Сондықтан өндірушілер үнемі жұмыс жүргізіп, серіктестерімен қажетті бөлшектерді жеткізуге қатысты келіссөз өткізіп жатыр. Соған қарамастан биыл шамамен 109 мың жеңіл автокөлік құрастыру жоспарымызда бар», - деді Олжас Сапарбеков.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT