Биыл отандық 43 сериал көрермен назарына ұсынылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысы, Павлодар мен Қостанай аймақтарын цифрлық хабар таратуға ауысады. Бұл туралы халықпен есептік кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық телехикаяларды дамыту жұмыстары да жоспарға сай жүзеге асырылып отыр. Өткен жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 46 телесериал түсірілді. 2019 жылы 43 сериалды көрермен назарына ұсынуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Сонымен қатар ол цифрлық хабар тарату бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

«Өздеріңізге де белгілі, цифрлық телерадиохабарларын таратуға кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары да жүйелі жолға қойылды. Қазіргі уақытта Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы толық цифрлық хабар таратуда. Осы жылы Алматы облысы, Павлодар мен Қостанай аймақтарын цифрлық хабар таратуға ауыстыруды көздеп отырмыз. Ал осы бағыттағы жұмыстар 2021-ші жылы толық аяқталады деген жоспарымыз бар», - деді Д. Абаев.
null

Бұдан бөлек министр «Ашық Үкімет» порталын дамыту мен қажетті нормативті-құқықтық базасын қалыптастыру бойынша да іргелі істер атқарылғанын атап өтті.

«Мәселен, өткен жылы осы жұмыстардың нәтеижесі бойынша мемлекеттік органдардың ашық деректерінің өзектілігін толықтай 97 пайызға жеткіздік. Ендігі уақытта олардың сапасы мен қажеттілігін жоғарылатуды көздеп отырмыз. Жергілікті атқарушы органдар бойынша біз ашықтықтың үздік үлгісін дайындаудамыз. Бұл мәселе бойынша бізге үкіметтік емес сектор үлкен көмек көрсетіп отыр», - деді Дәурен Абаев.

nullnull

Соңғы жаңалықтар