Биыл Өскеменде еліміздегі тұңғыш гематология орталығы ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында еліміздегі тұңғыш гематологиялық орталықтың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде түрлі күрделі оталарды жасайтын еліміздегі жалғыз гематологиялық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын.

«Бұл орталық халықаралық стандарттарға сай болады. Мұнда жоғары дәлдіктегі диагностика мен зертханалық зерттеулерді жүргізіліп қана емес, ғылыми іс-шараларды өткізуге, пациенттерді ең заманауи жабдықты пайдалана отырып емдеуге мүмкіндік бар. Онда балалар мен ересектерге арналған гематологиялық бөлімшелер, жілік майын трансплантациялау, радиациялық диагностика, реанимация, генетикалық зертхана және трансфузиология орталығы орналаспақ», - деді Даниал Ахметов.

Бас корпуста күндізгі стационар мен емхана ашылады.

Қазіргі уақытта медициналық кадрларды даярлау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі пысықталып жатыр.

«Бүгінде 29 дәрігер Израильге барып, білім алып жатыр. Олардың кейбірі балалар онкогематологиясы бойынша жұмыс істейді. Алдағы уақытта басқа мамандар Санкт-Петербург пен Минск клиникаларына оқуға барады», - деді ШҚО әкімі.


Соңғы жаңалықтар