Биыл Орал қаласында гүлдерді көптеп өсіру жұмыстары қолға алынды

None
None
Л. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биыл Орал қаласында гүлдерді көптеп өсіру жұмыстары қолға алынды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл іспен «Жасыл қала» МКК айналысады. Кәсіпорын директоры Ерлан Үмбетовтің айтуынша, қазіргі кезде қаланың әр жерінде жайнап тұрған гүлдердің тұқымы негізінен Мәскеуден алынған. Ақпаннан маусымға дейін 120 гүлдің тұқымы үшін жылыжай жалданса, 60 мың түп гүлдің тұқымы жабық орында өсіріледі. Ал 33800 түп питунья деген гүлдің алты түрі Голландиядан алынады. Кейбір сәндік ағаш түрлері Самарадан әкелінді.

Қала көшелері мен алаңдарындағы 143 гүлзарда еңбек ету үшін «Жол картасы» бойынша 452 адам жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар «Жасыл ел» жасағынан ай сайын 80 студент жұмыс жасап, Орал қаласының абаттанып, көркеюіне өз үлестерін қосуда. Су құятын төрт машина тәулік бойы тыным таппайды.

Сексенге жуық адам еңбек ететін кәсіпорын өз жұмысын кеңейте түсуді көздеп отыр. Басты мәселенің бірі - жылыжай салу.

Соңғы жаңалықтар