Биыл өңірлерде Президенттік жастар кадрлық резервтері құрылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл өңірлік Президенттік жастар кадрлық резервтерін жасақтау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент тапсырмасы бойынша биыл өңірлік кадрлық резервтер құрылады. Бұл өз кезегінде барлық өңірлердің жастары үшін әлеуметтік лифтке айналады. Қазіргі уақытта өңірлік резервке қатысты заңға түзетулер енгізу және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары Айнұр Серғазиева Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу кезінде.

Еске салайық, биыл күзде Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өтеді. Бұл жолы жастар 8 бағыт бойынша іріктеледі.

Сонымен қатар, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар