Биыл өңірлерде 4 IT хаб ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Astana Hub жыл басынан бері 31,82 млрд теңге инвестиция тартып, 161,5 млрд теңге табыс тапқан. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекеттік саясат IT саланың іргетасын қалап, одан әрі дамытуға бағытталған. Бүгінде IT экожүйесінің басты даму институтына айналған Astana Hub резиденттерінің саны 1200-ден асып, шетелдік компаниялар саны 319-ға жетті. Биыл бірінші жартыжылдықта Astana Hub қатысушылары 161,5 млрд табыс тапты. Ал тартылған инвестициялар көлемі 31,82 млрд теңгені жетті. Министрлік технологиялық хабтарды ашу және қолдау арқылы өңірлерде Astana Hub брендін тарата бастады. Бүгінде біз әкімдіктермен бірлесіп 9 IT-хаб аштық, биыл тағы 4 хаб ашылады», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр жасанды интеллект саласындағы жұмыстарға тоқталды.

«Алдымен Smart Data Үкімет жобасы аясында негізгі дерекқорларды біріктіріп, мемлекеттік органдар мен ғалымдарға, университеттер мен IT компаниялардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеміз. Басқа сөзбен айтқанда, Big Data-мен қамту. Екіншіден, отандық компаниялар үшін жасанды интеллектіні модельдеу үшін берілетін деректер қолжетімді болады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар