Биыл өндірістік және тұрмыстық өрттен 120 адам көз жұмды - ТЖМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы үш айда 2 304 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үш айда республика бойынша 2 692 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және оқиғалар тіркелді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға көп. Олардан 396 адам зардап шекті, оның ішінде 151 азамат адам қаза тапты. Келтірілген материалдық нұқсан – 811,63 млн теңге. Өткен жылы дәл осы кезеңдегі шығын 763,63 млн теңге болған еді», - делінген Төтенше жағдайлар министрілігінің сайтында жарияланған есепте.

Жалпы, тіркелген оқиғалардың 96,5%-ы – техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

«Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі – өндірістік және тұрмыстық өрттер. Олардың көлемі – 88,6%. 2023 жылғы үш айда 2 304 өрт болды, одан 199 адам зардап шекті, 120 адам қаза тапты. Материалдық шығын 703,59 млн теңге», - деп мәлім етті ведомстводан.

Министрлік дерегінше, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында өрт деректері аз болған. Ал, қалған 11 өңір мен 3 қалада керісінше жиілеген.

«2023 жылғы үш айда 93 табиғи сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Олардан 96 адам зардап шекті, 6 адам көз жұмды», - деп жазылған құжатта.


Соңғы жаңалықтар