Биыл Нұр-Сұлтанда қай елді мекендер газбен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың елді мекендерінде екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жақын арада тағы екі нысан бойынша жұмыстар басталады. Олар әртүрлі аудандарда орналасады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спортпен айналысуға арналған кабинеттерден басқа, пошта бөлімшесі, полиция пункті, егде жастағы тұрғындарға арналған клуб, ХҚО, кітапхана және басқа нысандар болады.

Нысанды тапсыру мерзімі - 2021 жыл. Елді мекендерде жол жұмыстары жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 1,5 мың жұмыс орны құрылады, барлығы - 15 мың жұмыс орны пайда болады. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге елді мекендерде газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Магистральдық газ құбырының монтажы аяқталу сатысында.

Железнодорожный елді мекенінде газ тарату желілерінің үштен бірі салынды. Бұл жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок елді мекендерінде де жүргізіліп жатыр.

Барлық жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Өнеркәсіптік сектор мен елді мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді.

Келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі.


Соңғы жаңалықтар