Биыл Нұр-Сұлтанда 7 компания көмір сататын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен брифингте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел астанасының жылыту маусымына дайындығы қай деңгейде екенін Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов айтты.

«Халықты жылыту маусымы жақындаған тұста дүрбелең туғызбас үшін қажет көмірді жаз ортасында қамдауға шақырамыз. Елорда бойынша көмір сатумен айналысатын 7 ірі компания бекітілді. Олардың бәрімен бағаны көтермеу бойынша меморандумға қол қойдық. Көмірдің әр тоннасы сапасына қарай 12-14 мың теңгеден сатылады деген меже бар. Ендігі мәселе көмірді кен орнынан жеткізетін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен көмір өндіруші кәсіпорындарға байланысты. Олар бағаны көтермесе, жылыту маусымының аяғына дейін осы баға сақталады», - деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда аталған 7 компанияның қоймасына 19007,2 тонна көмір әкелінген. Былтыр елорда тұрғындары мен жылу қазандықтары 420 мың тонна көмір тұтынған екен.

Биылғы маусымда көмір сатушы компаниялардың тізімі төмендегідей:

Герцен к., 6/2 мекенжайы бойынша «Магнит 21 век» ЖШС, Герцен к. 6Б мекенжайы бойынша «Айтқожынова» ЖК, Дулатов к. 182/1 мекенжайы бойынша «Умар KZ» ЖШС, Жұбанов к. 35 мекенжайы бойынша «Бек Айда» ЖШС, Герцен к. 4/1 мекенжайы бойынша «Северэнергоугольснаб» ЖШС, Көктал 28/1 мекенжайы бойынша «Жігер Астана» ЖШС, №40 станса мекенжайы бойынша «Сабина» ЖШС көмір сатады.

Соңғы жаңалықтар