+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Биыл Нұр-Сұлтан, Теміртау, Жезқазған және Қарағанды қалалары ішінара газға қосылады

2020 жылғы 4 маусым 22:16
Бөлісіңіз:
Биыл Нұр-Сұлтан, Теміртау, Жезқазған және Қарағанды қалалары ішінара газға қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылыту маусымына дейін Нұр-Сұлтан, Теміртау, Жезқазған және Қарағанды қалалары ішінара газға қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Елорданы газдандыру жұмысы қалай жүріп жатыр?» деп сұрады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысында.

Бұл сұраққа жауап берген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев өзі жетекшілік етіп отырған компания мен «Самұрық-Қазына» қорының алдына қойылған міндет орындалып, магистральды газ құбырын салу тапсырмасы өткен жылдың соңында аяқталғанын мәлім етті.

«Қазір бұл газ құбыры жұмысқа дайын. Аймақтарда, соның ішінде елордада газ тарататын құбырлар салынып жатқанын білеміз. Осы жылдың жылыту маусымына дейін газ аймақтарға кіргізіледі», - деді Алик Айдарбаев.

«ҚазМұнайГаз» басшысының жауабын тыңдаған Елбасы:

«Сіздердің тараптан бәрі дайын болса, аймақтар бұл істі жалғастыруы керек. Үкіметтен бұл жұмысты қадағалауды сұраймын» деді.

Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин болса Нұр-Сұлтан қаласына биылғы жылыту маусымында газ қосылатынын айтып өтті.

«Қазіргі уақытта ЖЭО-2 нысанын газға ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Газды тарататын желілер салынуда. Нұр-Сұлтандағы ірі нысандардың көбі биыл газға қосылады. Сонымен қатар Теміртау, Қарағанды мен Жезқазған қалалары да ішінара газға қосылады. Яғни желі бойындағы ірі қалалардың бәрі де осы жылдың жылыту маусымында газды қабылдауға дайын отыр», - деді ол.

Үкімет басшысын тыңдаған Елбасы тұңғыш рет оңтүстіктен солтүстікке осындай ірі газ құбыры тартылғанын атап өтті.

«Ондай ауқымды жұмыс бірінші рет іске асырылып отыр. Осы игі істің бәрі де халықтың пайдасына жарауы керек. Біріншіден Нұр-Сұлтан қаласының экологиясын түзесек, екіншіден жұмыс қайнаған қалаларды газбен қамти отырып, адамдардың өмірін жақсарта түсеміз», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT