+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Биыл негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды

2020 жылғы 11 тамыз 10:01
Бөлісіңіз:
Биыл негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда инвесторлар әлеуметтік жобаларға 10 млн доллардан астам қаражат бөледі Германия кәсіпкерлерінің делегациясы Жамбыл облысына барады

«Негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары өсім Ақмола (29,7%-ке), Солтүстік Қазақстан (18,8%-ке), Түркістан (18,7%-ке) облыстарында және Шымкент қаласында (23,4%-ке) байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-37,1%), Атырау (-19,9%), Батыс Қазақстан (-9,2%), және Қарағанды (-9,2%) облыстары», - деді министр.

Сонымен қатар ол құрылыс 6,3 пайызға ұлғайғанын жеткізді. Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуі Шымкент қаласында (58,9%-ке) және Түркістан облысында (52,8%-ке) байқалады.

«7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға көп», - деді Р. Дәленов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT