Биыл наурызда ауыл шаруашылығындағы субсидиялауды жетілдіру қадамдары Үкіметке енгізіледі

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл наурыз айында ауыл шаруашылығындағы субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша түпкілікті өзгерістер топтамасы Үкіметтің қарауына енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзетуге байланысты ұсыныстар әзірленді. Олар, ең алдымен, жүйенің тетіктерін оңайлатуға және бағыттарды оңтайландыруға, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысанына қарамастан, барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сондай-ақ, субсидия алушылар өздеріне нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдайтын норма енгізіледі», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұсыныстарды құрылған агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс тобы қарап жатыр. Оған салалық қауымдастықтар мен одақтардың, агробизнестің, ғылымның, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары кірді. Қазіргі уақытта жұмыс тобының төрт отырысы өтті.

«Жұмыс топтарының қорытындылары бойынша өңірлерден, салалық одақтар мен қауымдастықтардан, жұмыс тобы мүшелерінен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың жаңа жүйесіне көптеген ұсыныстар мен ескертулер келіп түсті, олар жүйелендіріледі және негізді болса, субсидиялау жүйесін пысықтау кезінде ескерілетін болады. Жұмыс топтарын жүргізу қорытындысы бойынша 2022 жылғы наурызда субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша түпкілікті өзгерістер топтамасын Үкіметтің қарауына енгізу жоспарлануда», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар