Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.60 EUR 429.06
RUB 5.66 CNY 55.64
Jańalyqtar

Биыл мыңға жуық ауылға жоғары жылдамдықты интернет тартылады

2019 жылғы 12 қаңтар 01:04 476
Бөлісіңіз:
Биыл мыңға жуық ауылға жоғары жылдамдықты интернет тартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ дамудың 2028 жылға дейін стратегиясын әзірледі, ол бойынша басымдық цифрландыруға беріледі. Бұл туралы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттің бағдарламасының Фейсбук парақшасында мәлім етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
E-gov-қа жасанды интеллект енгізіледі Қазақстандықтардың 64 пайызы интернетті смартфон арқылы пайдаланады

Хабарламада көрсетілгендей «Қазақтелеком»-ның даму стратегиясына қызмет көрсетудің сапасын арттырудан бөлек, блокчейнді дамытудың платформасы, интернет тарату және «ақылды қала» жобалары кіреді.

Еліміздің телекоммуникация саласында тағы қандай жаңалықтар іске асырылатыны туралы «Қазақтелеком» АҚ-ның Стратегиялық басқару бойынша бас директоры Батыр Маханбетәжиев мәлімдеген.

«Өткен жылы біз үшін жаңалық мемлекеттік-жеке әріптестік болды, ол бойынша «Қазақтелеком» талшықты-оптикалық желі байланысының құрылысы мен ауылдарды кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге жауапты. Жоба бойынша негізгі басымдық 2019 жылға берілмек, бүгінде алғашқы болып ШҚО және Павлодар облыстарының мемлекеттік мекемелеріне кеңжолақты интернет қосылды. Жобаны жүзеге асыру барысында еліміздің 828 ауылында кеңжолақты интернет пайда болуы тиіс», -дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша соңғы жылдардағы нарықтағы басты тенденцияның бірі - мобильділік болып отыр. 2018 жылы мобильдік құрылғылар және браузерден мобильді қосымшаларға көшу трендке айналды. Бүгінде Қазақстанда смартфондардың үлесі 50% құрайды.

«Биылғы жылдың тағы бір маңызды жаңалығы, Қазақстан әлеуметтік медиа қолданушылар саны жоғары қарқынмен өсіп отырған елдердің ондығына енді. Бүгінде Netflix интернеттегі барлық видео трафиктің 15% қамтамасыз етсе, Facebook пен Instagram бірігіп 80% әлеуметтік желінің трафигін қамтиды. Ал Amazon-ның Alexa атты дыбыс көмекшісі танымалдылығы жағынан Siri-ді басып озды», - деді «Қазақтелеком» өкілі.

Одан бөлек, Б. Маханбетәжиев «Қазақтелеком»-ның интернет таратумен қатар блокчейн, «ақылды қала», «ақылды үй» және басқа да бағыттары инновациялық бизнестің платформасына айналатынын айтып өтті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT