Биыл мұнай бағасы 16%-ға төмендейді - Халықаралық валюта қоры
«2023 жылы мұнай бағасы шамамен 16%-ға төмендейді, ал жанармайға жатпайтын шикізат тауарлардың бағасы орта есеппен 6,3%-ға төмендейді деп күтілуде», - деп атап өтті баяндама авторлары.
«2022 жылғы 29 қарашадағы фьючерстік нарықтарда есептелген орташа болжамды баға 2023 жылы 81,13 доллар және 2024 жылы 75,36 доллар болады», - делінген.
Осылайша, келесі жылы мұнай бағасы 7,1 пайызға төмендейді.
ХВҚ-ның пайымдауынша, «энергия нарықтары Украинадағы жанжалдан туындаған (экономикалық) жағдайларға тез бейімделді». Дегенмен, өткен жылы «жаһандық энергия мен азық-түлік бағасының күрт өсуі өмір сүру құнының дағдарысын тудырды».
Украинадағы қақтығысқа байланысты мұнай, газ және азық-түлік бағасының күткен көрсеткіштен жоғары болуы «жалпы инфляцияны қайта көтеруі мүмкін» деп есептейді қор.
Фото: reuters.com