+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Биыл мектеп бітіру кештері қандай форматта өтеді

2021 жылғы 11 мамыр 13:59
Бөлісіңіз:
Биыл мектеп бітіру кештері қандай форматта өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биыл мектеп бітіру кештеру қандай форматта өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Мектеп біртірушілер үшін емтихандар аяқталғаннан кейін, 11-сынып оқушылары үшін 12-14 маусым аралығында мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру мәселесі қарастырылады. Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға байланысты іс-шаралар ашық, таза ауада өткізілуі Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген. Бұл тұрғыда оқушылары аз мектептер осы іс-шараны барлық сынып үшін өткізе алады. Ал мектеп бітіруші сыныптар көптеу болғанда, бірнеше кезеңге бөліп ұйымдастыру мүмкіндігі бар», - деді Ш. Каринова министрліктің аппарат жиналысында.

Осы орайда ол бұл іс-шараның негізгі мақсаты мектеп түлектерінің жалпы орта білімді аяқтап, білімі туралы құжатты алуына арналғанын еске салды.

«Сондықтан мектеп бітіру кешін өткізу кезінде әрбір мектептің ішінде ресми түрде аттестатты табыстау іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылады. Сонымен қатар, дастархан жаюға немесе басқа да көңіл көтеру орындарында (тойхана, мейрамхана, дәмхана) рұқсат етілмейді. Бұл іс-шара тек мектепте ресми түрде аттестат табыстауды ескереді», - деді вице-министр.

Айта кетейік, мектеп бітіру кешін санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы өткізіледі. Осы орайда мерекелік аниматорларды, түрлі той ұйымдастыру агенттіктерін, жеке студияларды шақыртуға тыйым салынған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі. Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылмақ. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізеді.

Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауына қатысты түсінік берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT