Биыл Мексика мен Эфиопияда Қазақстанның елшілігі ашылады - ҚР СІМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Мексика мен Эфиопияда Қазақстанның елшілігі ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты.

ҚР СІМ басшысының айтуынша, «Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасы өзге елдермен байланысты нығайтуға бағытталған. Негізгі жұмыс Латын Америкасы мен Африка елдерінде жаңа байланыс көзін ашуға жұмсалады». «ҚР сыртқы саясаты өзінің географиялық шекарасын кеңейтпек. Жаңа тұжырымдама Латын Америкасы, Африка сияқты жаңа байланыстардың пайда болуын қамтамасыз етпек. Қазір Қазақстанның өкілдері Бразилияда жұмыс істеп жатыр. Биыл біз Мексика мен Эфиопияда елшілігімізді ашамыз. Кариб бассейні мен Латын Америкасы бізге жақындай түсті. Осы аймақтарда біз экономикалық қарым-қатынастарды барынша дамытпақпыз», - деді министр. Ал, Африкаға қатысты сыртқы істер министрі өз ойын былайша білдірді. «Біз Африка құрлығына жылжып бара жатқан жаһандық ағыстан сырт қала алмаймыз. Қазір Қазақстан Африканың үш жағынан: оңтүстігі, орталығы мен солтүстігінен еніп жатырмыз. Біздің елшілігіміз Мысырда, Оңтүстік Африка Республикасында бар. Бұл бағыт бізге үлкен мүмкіндіктер ашады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар