Биыл Маңғыстауға 2137 қандасымыз көшіп келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Маңғыстау облысына шет мемлекеттерден 376 отбасы көшіп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге көшіп келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан қоныс аударғандар.

Атамекенді аңсап, тарихи отанға үкілі үмітпен келгендердің бірі Жұпбановтар отбасы. Аталған отбасы Түрікменстаннан Бейнеуге көшіп келген. Кейін Мұнайлы ауданына қоныс аударған. Отағасы Қыдырбай Жұпбанов елге келген соң да ұстаздық еңбек жолын жалғастырып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан. Бүгінде Мұнайлы ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. «Маңғыстау ауылына - 50 жыл», «ҚР Конституциясына - 10 жыл» төсбелгілерін иеленіп, Елбасының алғыс хатын алған.

«Түрікменстаннан өз еліме келген келді. Қыдырып келдім, ұнады. Ауылға барғасын 1 ай ішінде Қазақстанға көшу туралы шешім қабылдадым. Аудан көркейіп, дамып келеді, 170 мың жуық халық тұрып жатыр. Әлеуметтік -экономикалық көрсеткіштері жоғары. Тарихи Отанымда еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелепырғаным үшін бақыттымын,-дейді Қыдырбай Жұпбанов.

Қыдырбай жарымен бірге 11 баланы тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Бүгінде балаларынан 35 немере, 11 шөпшек сүйіп отыр. Ұл-қызының әрқайсысы әр салада абыройлы қызмет етіп, облыстың дамуына үлес қосуда.

Жұпбановтар отбасы сияқты, ТМД аумағынан Маңғыстауға көшіп келген қандастарымыздың қатары көп. Мәселен, соңғы 1 жылдың ішінде Маңғыстау облысына Түрікменстан - 915 адам, Өзбекстан – 1010, Ресей – 23, Иран – 125, Қытай – 3, Қырғызстан – 4, Ауғанстан - 57 қандасымыз көшіп келген.

«Соңғы 2 жылмен салыстырғанда өңірге көшіп келген қандастар санының өскендігі байқалды. Биыл 376 отбасы көшіп келіп, мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оралман мәртебесінің мерзімі өтіп кеткен 394 азаматтардың өтініші қабылданып, 525 адамға жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын қабылдау үшін оралман мәртебесінің жарамдылығын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылатындығы туралы шешім берілді. Яғни, олар ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдауға мүмкіндік алды»,-дейді МО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Набат Баймұңалова.

Соңғы жаңалықтар