Биыл Маңғыстаудың мың жылдығы тойланбақ

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Маңғыстаудың мың жылдығы тойланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов әкімдік шарасында айтты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киелі Маңғыстаудың тарихын жүйелеуге шетелдік ғалымдардың қатысуымен кешенді ғылыми зерттеулер, халықаралық деңгейдегі экспедициялар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде тың ғылыми жаңалықтар ашылып, Маңғыстау тарихы сонау энеолит заманынан (б.з.д. 4 жылдық), яғни 6000 жылдықтан бастау алғаны, ал біздің заманымыздың 1000 жылынан бастап тарих бетінде тарихи Маңғыстау (Маңғышлақ) атауы пайда болғаны дәлелденді.

Тарихи зерттеулерге қарағанда, Маңғыстау жерін қола (4-3 мың жыл бұрын) және темір (2,5-2 мың жыл бұрын) дәуірінен бастап көне грек және парсы жазбаларындағы дай-даха, массагет, сармат тайпалары мекен етсе, антикалық кезеңде (б.з.д 2- б.з. 4ғғ.) халықтардың Ұлы көшінің негізгі қозғаушылары болған алан, ғұн тайпалары қоныс тепкен.

nullКейінгі орта ғасырға дейін Маңғыстау жері Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында ірі транзиттік орталыққа айналып Қызылқала, Кетікқала қалалары мен Үстірт бойында керуен-сарайлар бой көтерді. Дәл осы уақыттан күні бүгінге дейін өлкемізде түркітілдес оғыз, хазар, қыпшақ, ноғай, түрікмен, қазақ тайпалары кезең-кезеңімен мекен еткен. Мұның барлығы бір жыл алты ай ішінде 7 елдің 70-ке жуық ғалымдарының кешенді жұмыстарының нәтижесінде нақтыланды.

Маңғыстау мұраларын зерттеуге арналған халықаралық экспедиция нәтижесінде 5 жерасты мешіті, 20 шыңырау-құдықтар, 20 таңбалы тастар анықталып, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Ғалымдардың еңбектері Франция, Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан, Ресей басылымдарында жарық көрді.

Айта кетсек, өңірдің 1000 жылдығын атап өту аясында Ұлы Жібек жолындағы Алтынқазған, Қарақабақ, Қызылқала, Кетікқала қалашықтарына кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу; жер асты мешіттері мен таңбалы тастарын зерттеу, өңірдегі ескеркіштер туралы National Geographic және франциялық Pernel Media компанияларымен деректі фильмдер түсіру; Қызылқала қалашығының ЮНЕСКО-нің әлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар