Биыл Маңғыстауда 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде тұрғын үй салуда Маңғыстау облысы үшінші орында. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді беруді жоспарлап отырмыз. Бұл - Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан кейінгі үшінші көрсеткіш. Осы үйлердің біраз бөлігі аз қамтылған отбасыларына берілетін болады», - дейді Серікбай Трұмов.

Оның айтуынша, кезекте тұрған тұрғындарды баспанамен қамтуға қатысты мәселе жоқ.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражатын салу арқылы тұрғын үйге қол жеткізу мәселесі және кезекте тұрған азаматтарды салынып жатқан үйлердегі пәтермен қамтамасыз етуге қатысты уақытша мәселе бар, бірақ бұл жыл соңына дейін шешіледі. Барлық қала тұрғыны тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - дейді ол.

Сондай-ақ, өңірде соңғы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жалдамалы тұрғын үйлер салынады.

«Ақтау қаласында 144 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Форт-Шевченко қаласында 18, 48,16 пәтерлі үш үйдің құрылысы жүзеге асуда. Мұнайлы ауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр », - дейді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар