Биыл Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент толық цифрлық хабар таратуға көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін Маңғыстау, Жамбыл  облыстары мен Шымкент қаласы толық цифрлық хабар таратуға көшеді. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстары жан-жақты жаңаланды. «Еларна» каналы ашылды. «Хабар 24» арнасында роботталған студия ісе қосылды. «Ғалам ТВ» интернет телеарнасы жаңаланды. 2017 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 40 телесериал түсірілді. 2016 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық көрсеткіш. Кейбір отандық телехикаяларды өз елдерінде көрсету құқығын Қырғызстан, Ресей мен Қытай және басқа да елдер сатып алды», - деді министр.

Оның айтуынша, «Қуатты Қазақстан»  бірыңғай медиа жоспары бекітілді. Бұл жоспарға сай мемлекеттік органдардың бір жылдық іс-шаралары біріктірілді.

«Өткен жылдың желтоқсан айында ақпарат және коммуникациялар бағытындағы 16  заң мен 6 кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазір  заң ақпарат кеңістігінде біздің азаматтардың  және балалардың құқығын қорғауда оң нәтиже беріп отырғанын атап өткен жөн», - деді ол.
null 

Министр цифрлық хабар таратуға ауысу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілгенін де баса айтты.

«2018 жылдың аяғын дейін Маңғыстау, Жамбыл  облыстары мен Шымкент қаласы толық цифрлық хабар таратуға көшеді. Қазіргі уақытта спутниктің телевизиялық абоненттерінің көлемі 1,3 млн адамды құрап отыр», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар ол еліміздің ақпараттық нарығын оңтайландыру мақсатында имидждік «Тұмар», «Үркер» шаралар өткізілгенін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асырғанын еске салды.

«Өздеріңізге де белгілі, ашық дауыс беру нәтижесінде өз еңбектерімен үлкен әрі әлеуметтік табысқа жеткен еліміздің жаңа есімдері белгілі болды. Өткен жылдың 1 желтоқсанында олар Мемлекет басшысымен кездесті. Қазір халық арасында үлкен қолдауға ие болған  осы жобаның келесі кезеңіне дайындық жұмыстары басталып  кетті»,-  деді министр.

null 

Соңғы жаңалықтар