Биыл Маңғыстау облысында апатты мектептер мәселесі толық шешіледі - әкімдік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Маңғыстау облысында апатты мектептер мәселесі толық шешіледі, деп хабарлады брифинг кезінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова.

«Биылғы жылы Маңғыстау облысында апатты мектептер мәселесі толық шешіледі. 2015 жылы Жетібай және Құланды ауылдарында екі мектеп салынады. Сол арқылы біздегі барлық апатты мектептер жойылады. Облыста үш ауысыммен оқуға жол бермеу үшін қазір біз алға озып отырмыз. Биылғы жылы Ақшұңқыр ауылында 960 орындық мектепті пайдалануға бердік, Форт-Шевченко қаласында 550 орынға, Атамекенде 1200 орынға арналған мектепті беру жоспарланып отыр. Осы құрылыстардың барлығын есепке ала отырып, облыста үш ауысыммен оқу енді болмайтынын шамалап отырмыз», - деп баяндады Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыстағы тұрғындар саны 3,2 пайызға өскен. «Бүгінде Маңғыстауда 613 мың адам тұрып жатыр. Егер өткен жылмен салыстыратын болсақ, 2014 жылы бұл көрсеткіш 594 мың адамды құраған. Аймағымыз халық санының өсу қарқыны бойынша Алматы қаласынан кейін екінші орында тұр. Бірінші кезекте, бұған бала туудың жоғары қарқыны септігін тигізіп отыр. Бала туу қарқыны бойынша біздің аймағымыз республиканың барлық аймақтарының ішінде бірінші орында тұр», - деп хабарлады Шолпан Ілмұханбетова.

Соңғы жаңалықтар