Биыл мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,6 трлн теңгеге дейін артады - ҚР АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,6 трлн теңгеге дейін артады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданатын болады. Мәселен, 88 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы іске қосылады. Бұл импорт үлесін 44 пайыздан 39 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 114 мың тонна шикі сүт өндіретін 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық тауарлық сүт фермасын салу жұмысы басталды», - деді министр Орталық комуникациялар қызметіндегі онлайн кездесуде.

Оның дерегінше, ет өңдеу секторында жалпы қуаттылығы 45 мың тонна болатын 3 заманауи ет өңдеу комбинаты іске қосылады. Бұған мал басын орта есеппен 5 пайызға өсіру арқасында қол жеткізіледі. Ірі қара мен ұсақ мал сатып алуға шағын фермерлік қожалықтар құрумен дамытуды қаржыландыруды басталып кетті. Яғни ет кластерінің шикізат базасын дамытудың іргетасы қаланды.

«Субсидиялау және кредит беру тетіктерін жетілдіру есебінен сүт өңдейтін кәсіпорындар мен ет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі ұлғайтылады. Жоғарыда көрсетілген шаралар есебінен мал шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,6 трлн теңгеге дейін өсіру қамтамасыз етілетін болады», - деді Сапархан Омаров.


Соңғы жаңалықтар