Биыл Мақтаралда ағын су мәселесі болуы тиіс емес - Ислам Әбішев

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев іс-сапармен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Мақтарал ауданының ағын су жүйелерінің қазіргі жағдайымен танысқан су комитеті басшысы аудан тұрғындарымен арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null   
Дихандар мен сала мамандары бас қосқан жиында өңірдегі ағын су мәселесіндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен ПУИД-2 жобасының аясында атқарылуы тиіс жұмыстар баяндалды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша іске асырылып жатқан «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ПУИД-2)» жобасының екінші кезеңі аясында Мақтарал ауданындағы суармалы жерлердің тұздану дәрежесін болдырмау шаралары атқарылуда. Ислам Әбішев осы мақсатта облысқа бөлінетін 32 миллиард теңгенің 22 миллиард теңгесі Мырзашөл өңіріне берілетінін атап өтті.
null  

«Мақтарал - әрдайым Елбасымыздың, Үкіметтің, біздің назарымыздан шыққан емес. Біз мұндағы ағын су мәселелерімен жақсы таныспыз. Достық каналынан Өзбекстанның 112 мың гектар жері, Қазақстанның 136 мың гектар жері суарылады. Біз Өзбекстан Респуликасымен келісіп, суды тең  түрде бөлісетін болдық. Бұрын көрші мемлекет өздерінің гидробекеттеріне бізді жібермейтін, ал қазір біз оларды тексере алатындай уағдаластыққа қол жеткіздік. Сондықтан, биыл Мақтаралда ағын су мәселесі болуы тиіс емес» - деді И.Әбішев.

Жиын соңында аудан шаруалары И.Әбішевке мәселе көтеріп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Жазда ағын су тапшылығын тартып, қиындық көретін диқандар Су комитеті басшысынан мардымды жауаптар алды.
null null  

Соңғы жаңалықтар