Биыл магистратура, докторантура гранттарының құны артады
«Бізде жоғары оқу орындарының басым көпшілігі әлі зерттеу форматына көшкен жоқ. Бірнеше себеп бар. Біріншісі – жоғары оқу орындарының ректорларының өздері магистрларды, PhD докторанттарын даярлауға аса ынталы емес. Неге десеңіз, магистр грантының құны 380 мың теңге. Ал бакалавриат грантының құны 1 млн теңгеге жуық», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы 3 жылда магистратура, докторантура гранттарының құны 1,5-2 млн теңгеге дейін көтеріледі.
«Сонда былай қарасаңыз, ректор былай ойлайды: «Мен бакалаврды қазір қабылдасам, онда ол төрт жылда маған 4 млн теңге әкеледі. Ал магистрды қабылдасам, ол екі жылда маған бір млн да әкелмейді», - дегендей.
Сондықтан біз осы жылдан бастап біз магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз. Кемінде бакалаврлармен теңесу керек. Бірақ негізінде осы үш жылдың ішінде олар 1,5-2 млн теңге көлемінде болады», - деді Саясат Нұрбек.