+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Биыл лауазым иелеріне пара беруге қатысты 381 сотқа дейінгі тергеу болды

2020 жылғы 30 қазан 11:57
Бөлісіңіз:
Биыл лауазым иелеріне пара беруге қатысты 381 сотқа дейінгі тергеу болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 9 айда лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 381 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 9 айында лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 381 сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Оның 274-і сотқа жолданды және олар бойынша 117 тұлға сотталды», - деді Д. Биғайдаров.

Осы орайда ол мемлекеттік қызметшілер мен еліміздің азаматтары сыбайлас жемқорлық үшін әлеуметтік және қылмыстық жауапкершілікті жіті түсінуі қажет екенін атап өтті.

«Пара бергені, алғаны, делдалдығы, көмектескені және пара беруге итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Лауазымды адамға пара бергені үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы) 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ елеулі айыппұлдар мен мүлкін тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, әскери атақтардан, сыныптық шендерден, мемлекеттік наградалардан және басқа да марапаттан айыру сияқты қосымша санкциялар ескерілген», - деді агенттік өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT