Биыл Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 350-ге жуық «Алтын белгі» иегері оқуға түсті

None
None
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мәдени шара барысында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов университеттің оқытушы-профессорлары мен студенттерін құттықтап, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіледі.

Осы жиыннан кейін Еуразия ұлттық университетінің «Дала сазы» халықтық аспаптар оркестрінің домбырашылар ансамблі мен оқу орнының басқа да таланттары өнер көрсетіп, «Біз- біргеміз!» атты студенттер флеш-мобы ұйымдастырылды.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ұлттық рейтингісі бойынша 1 орынды екі жыл қатарынан иеленген Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі 66 мамандық бойынша білім алуға биыл 4000 мыңға жуық студент түсті. «Грант иегерлерінің саны - 3067, оның ішінде 344-і - «Алтын белгі» иегерлері, сондай-ақ 251 халықаралық және республикалық ғылыми және түрлі пәндер олимпиадаларының жеңімпаздары, 12 халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары бар. Ағымдағы жылы студенттер қатарына жеңілдікпен қабылданған 6 мүгедектің, 9 жетім баланың, 49 оралман қандастарымыздың бар екенін айта кеткен жөн», - делінген ЕҰУ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар