Биыл «Қызылорда-Жезқазған» жолының 140 шақырымы қолданысқа беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Қызылорда-Жезқазған» жолы қашан толық пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту үшін өткен жылы 150 жаңа автобус алынды. Биыл қыркүйекке дейін тағы 150 автобус маршрутқа қосылады. Осылайша, біз аймақтың бас шаһарындағы қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешеміз», – деді әкім.

Оның мәліметінше, жергілікті маңызы бар 366 шақырым автомобиль жолын жөндеу жоспарланған.

«Қызылорда-Жезқазған» автожолының ұзындығы – 216 шақырым. Биыл оның 140 шақырымнан астамын аяқтау межеленген.

Қалған бөлігі 2025 жылдың аяғына дейін толық аяқталып, халық игілігіне берілмек.

«Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, Қызылорда теміржол вокзалының ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар