USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Биыл Қызылорда облысында есірткі бизнесіне қатысты 169 қылмыс анықталды

2021 жылғы 20 қазан 02:28
Бөлісіңіз:
Биыл Қызылорда облысында есірткі бизнесіне қатысты 169 қылмыс анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 143 келі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде бүлікшілердің полицейлерге жасаған шабуылының видеосы жарияланды Жаппай тәртіпсіздік: Алматыда 170 велосипед ұрланды Қаралы қаңтар: Қызмет барысында қаза тапқандардың балаларына грант бөлінеді

Қызылордалық полицейлер биылғы жылдың 9 айында 169 есірткі қылмысын анықталы. Оның ішінде есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың – 12, есірткі сатудың – 21, есірткі өсірудің – 43, есірткі жарнамалаудың – 2 дерегі анықталды. Ал есірткімен байланысты қылмыстық теріс қылықтардың 90 дерегі белгілі болды. Заңсыз айналымнан барлығы 143 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде синтетикалық есірткі құралы да бар.

«Сондай-ақ есірткіні насихаттау және жарнамалаудың – 2 фактісі, әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі таратудың 2 оқиғасы анықталды. Биылғы жылдың 4 қазан - 30 қарашасы аралығында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара барысында синтетикалық есірткі сақтаудың 3 дерегі анықталды», - деді облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Еркін Тұңғышбай.

Ведомство мәліметінше, өңірде 1 маусым - 30 қазан аралығында «Қарасора-2021» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы да өткізілуде. Рейд барысында есірткі өсірудің 43 дерегі анықталған. Оның 16-ы далалық аймақтан анықталса, 27-і үй ауласы, саяжайдан табылды. Барлығы 52 тұлға ұсталып, оның 30-ы қамаққа алынды. Оқиға орнында 14 мың 360 түп сора өсімдігі жойылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі күдікті ұсталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT