Биыл күзде республикалық бюджетке түзетулер енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президент тапсырмаларын ескере отырып, республикалық бюджетке түзетулер қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың бюджетіне тиісті түзетулерді жақын арада даярлауды жоспарлап отырмыз. Шамамен қыркүйек айының соңында және қазан айының басында Мәжіліске енгіземіз», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Е. Жамаубаев түзетулерде Мемлекет басшысының тапсырмалары ескерілетінін атап өтті.

«Жолдауда қамтылған Президенттің барлық тапсырмалары биылдың бюджетінде және 2021-2023 жылдардағы үшжылдық бюджетте ескеріледі», - деді министр
Соңғы жаңалықтар