Биыл күзде 2000-ға жуық жетісулық бозбала әскерге баруы тиіс

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысы бойынша әскери борышын өтеуге 1859 бозбала аттануы тиіс. Қазір тиісті дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалпы, биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Талдықорғанда өткен салалық нұсқаулық-әдістемелік кеңесте айтылды. Жиында Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Талғат Дәулетханов өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралады.
Оның ақпарынша, Қорғаныс министрлігінің арнайы сараптамасы шыққан. Көктемгі әскерге шақыру қорытындысы жөнінен Алматы облысы - алдыңғы орында. Баяндамашы Алакөл, Қарасай, Еңбекшіқазақ,Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы бойынша сандық және сапалық құрам талап үдесінде болғанын айтты. Ал, Ақсу, Балқаш, Ескелді аудандары жоспарды орындай алмаған. Осыған орай, басқосуда күзгі шақырылымды жоғары деңгейде асқан жауапкершілікпен ұйымдастыру жолдары талқыланды.
«Биыл күзгі әскерге шақыру 10 қыркүйекте басталады. Бұған дейін Алматы облысынан шақырылған азаматтар ішкі істер, қарулы күштер және мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдерінде міндеттерін өтеп жатыр. Осы кезге дейін ешқандай құқықбұзушылық, әскерден қашу сияқты жағдайлар болған емес», - деді облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент баспасөз қызметінің өкілі Жанар Әміржанова.
Айта кетелік, биыл әскерге 1992-2000 жылдар аралығында туған, жасы 18 бен 27 аралығындағы жастар шақырылады.
- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
- Қапшағай көлінде дауыл кезінде жағаға жете алмаған балықшылар құтқарылды
- Боранға байланысты Қапшағайдан ШҚО шекарасына дейінгі жол жабылды
- Түркістан облысында 16 мыңға жуық бозбала әскери есепке қойылады
-
Қазақстанда әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы хабардар етеді
-
Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам