Биыл Қостанайда 8,5 мыңнан астам көлік құрастырылады - облыс әкімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Қостанай облысында 8,5 мыңнан астам көлік құрастырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлім етті.

«2011 жылы 900 жеңіл көлік құрастырылса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 2,5 мыңға жетті, ал 2013 жылы 7 мыңды құрады. 2014 жылдың соңына дейін оның көлемі 8,5 мыңнан асады», - деді әкім.

Осы орайда ол зауыттан күн сайын SsangYong, Peugeot, Iveco және басқа да модельдер бойынша жиырма автокөлік шығарылатынын айтты.

«Жақында бұл модельдер қытайлық Geely және JAC секілді брендтермен айтарлықтай толығуы мүмкін», - деп тоқталды Н. Садуақасов.

Сонымен қатар, ол үш жылдың ішінде республика бойынша автокөлік өндірісінде облыстың үлесі 15,5 пайызға артқандығын, жақын арада бұл көрсеткіш елеулі көлемде артатынын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2015 жылы Қостанайда Geely маркалы 4,5 мың көлік шығару жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар