+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Биыл Қостанай облысында тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 10% артады

2021 жылғы 14 қаңтар 02:00
Бөлісіңіз:
Биыл Қостанай облысында тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 10% артады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында 1-орында «Нұрлы жер»: Қостанай облысында 3600 пәтер пайдалануға берілді

Бұл жайында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында ресми мәлімет таратты.

«Бүгін Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыру барысы туралы кеңес өткіздім. 2021 жылы тұрғын үйді іске қосу көрсеткішін 10% арттыру міндеті тұр, бұл дегеніміз - 417,2 мың шаршы метр. Облыстың тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді» деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 93,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 64,7 мың шаршы метр.

Кеңес барысында Қостанай, Рудный қалаларының және Қостанай ауданының әкімдері биылға арналған тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарын баяндады.

«Жиын қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ барлық жоспарланған нысандарды сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырдым» дейді әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT