USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Биыл Қостанай облысында 14 мың автокөлік экспортқа шығарылады

2021 жылғы 17 ақпан 15:20
Бөлісіңіз:
Биыл Қостанай облысында 14 мың автокөлік экспортқа шығарылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қостанай облысында 60 мың автокөлік құрастырылады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің сөзінше Қостанай облысы 2020 жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың оң көрсеткіштерімен аяқтады. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісі 7,4%, инвестициялар 11, құрылыс жұмыстары 28,4%ға артқан. Осы жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 149 трлн теңгенің өнімін өндірді.

«Айтарлықтай өсім машина жасау саласына тиесілі. Бұл салада отандық мамандарды жұмысқа тарту бойынша кешенді шаралар атқарылып жатыр. Сала кәсіпорындары 392,1 млрд теңгенің өнімдерін шығарды, бұл ретте жеңіл автомобильдер құрастыру 1,5 есе, шағын автобустар 2,4 есе, жүк автомобильдерін құрастыру 3 есе, тракторлар құрастыру 1,8 есе ұлғайды. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша, автоөнеркәсіп 40 мыңнан астам автокөлік шығарды, бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 1,6 есе көп. Биыл шамамен 60 мың автокөлік құрастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 14 мың автомобиль экспортқа шығарылады», - дейді аймақ әкімі.

Қостанай өңірінде металлургия өнеркәсібі дамып келеді. 2020 жылы кәсіпорындар нарыққа 149,5 млрд теңгенің өнімін шығарған.

Облыс әкімінің айтуынша, былтыр пандемия салдарынан бірқатар өнеркәсіп орындары шығынға ұшырады. Cоған қарамастан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жергілікті кәсіпкерлер материалдық қолдауға ие болды. Нәтижесінде тамақ өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 8,1%-ға өсті. Сары май өндірісі 54,9%, алкогольсіз сусындар 22,4%, ұн 14,4%, шұжық өнімдері 8,2%-ке, сүт және кілегей - 8,0%-ға артты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT