Биыл Қостанай облысына 250 дәрігер келеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысына жас дәрігерлер көптеп келеді. Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Архимед Мұхамбетов облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі есебін тыңдады.

«Өткен жылы барлық мемлекеттік бағдарламалар есебінен 101 жас маман жұмысқа тартылды. 2019 жылы осы көрсеткішті кем дегенде екі есе арттыру міндетін қойдым. Облыстық бюджеттен 90 дәрігерге көтерме ақы төлеуге 135,6 млн теңге бөлінді. Алдағы 2 айда 100 млн теңге көлемінде демеушілік қаражат тартылатын болады. Жас мамандарды біздің өңірге жұмысқа шақырамын!», - деп жазды аймақ басшысы.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» және «Еңбек» бағдарламалары аясында 50 жас маман жұмысқа тартылады. Архимед Мұхамбетовтің сөзінше, биыл облысқа 250 дәрігер келеді.

null

Соңғы жаңалықтар