Биыл Қостанай облысы жолдарына 800 жаңа белгі қойылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қолданыста ұстауға 1,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешенді бағдарлама аясында ағымдағы жылы 30 мың шаршы метр жолда пайда болған шұңқырларды жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні жылдық жоспардың 30 %-дан астамы орындалды.

«Сонымен қатар, жолшылар 800 дана жол белгісін орнатады, 1900 шақырым қашықтыққа жол белгілерін салады. 2 мың метр қоршау жөнделеді. Сондай-ақ, көктемгі-жазғы кезеңде 613 км орман жолақтарын жырту бойынша жұмыстар жүргізіледі» делінген хабарламада.

null null

Соңғы жаңалықтар