Биыл коронавируспен күреске 100 млрд теңге бөлінді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылға коронавирус инфекциямен күрес жұмыстарына 100 млрд теңге бөлу жоспарланған. Осы бағытта вакцина сатып алу, науқастарды емдеу, сондай-ақ қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ескерілген», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Министрдің айтуынша, қазіргі бюджет былтырға қарағанда алты есе төмен екенін нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, әлемде сырқаттану деңгейінің өсуімен қатар, Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясына шалдығу деңгейі өсті.

Сонымен қатар, коронавирус көп таралып жатқан өңірлер белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар