Биыл Қорғалжын ауданына 855 бас сиыр мен 28 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынады - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қорғалжындықтар биылғы жылы 855 бас сиыр мен 28 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақмола-Медиа орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында аудан әкімі Қ.Рыскелдинов мәлім етті.

Қ.Рыскелдиновтің сөзіне қарағанда, Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығына көрсетілетін қолдаудың арқасында ауданда мал басын өсірумен айналысатын тауар өндіруші құрылымдар саны көбеюде. Мал өсірумен 17 серіктестік, 65 шаруа қожалығы айналысады. Тауар өндіруші құрылымдар бойынша 8 114 бас ірі қара, оның ішінде 4 408 бас сиыр, 5 437 бас жылқы, 8 314 бас қой және ешкі малы өсіріледі. Осыдан-ақ соңғы кезде аудан бойынша мал басының көбейгенін байқауға болады.

«Осы орайда аудан бойынша тауар өндіруші құрылымдар иелігіндегі мал басының өсуіне «Сыбаға» бағдарламасының көмегі зор. Биыл осынау бағдарлама аясында мал санын көбейтуге 15 тауар өндіруші ниет білдіріп отыр. Осы бағытта соңғы үш жылдың ішінде «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 552 млн. теңге несие берілген. Бұл қаржыға 2 928 бас ірі қара, яғни 2 803 бас сиыр, 125 бас бұқа сатып алынды. Ал 2014 жылдың І тоқсанының өзінде 3 тауар өндіруші құрылыммен асыл тұқымды 252 бас сиыр мен 12 бас бұқаға қол жеткізілді. Жалпы, жыл соңына дейін аудан бойынша барлығы 855 бас сиыр мен 28 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған»,- дейді аудан әкімі.

Ал бүгінгі күні аудан төңірегінде 350 бастан астам асыл тұқымды ірі қара мен 275 бас асыл тұқымды қой өсірілуде.

Соңғы жаңалықтар