+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Биыл Қордай халқының 95 пайызы газбен қамтылады

2020 жылғы 29 қыркүйек 06:33
Бөлісіңіз:
Биыл Қордай халқының 95 пайызы газбен қамтылады

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – Бұған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы халқының 30 пайызы ғана табиғи газ тұтынып келсе, биылғы газдандыру жобасы аяқталған кезде қордайлықтардың 95 пайызы көгілдір отынға қол жеткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл 150 мыңға жуық тұрғыны бар Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ілгерілетуге бюджет қаражатынан қосымша 31 миллиардтан астам теңге бөлініп, игеріліп жатыр.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы жұмыс сапарын Отар ауылдық округі жанындағы автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысымен танысудан бастады. Бұл жобаның құны 1 миллиард 50 миллионнан теңгеден асады.

Мердігер компания – «Таразстрой-2004» ЖШС. Биылғы 10 тамызда басталған құрылыс алдағы желтоқсан айының басында аяқталуы тиіс. Бұл стансаға көгілдір «Қазақстан – Қытай» жерасты газ құбырынан «көгілдір отын» алынып, Қордай ауданының 12 ауылын газдандыру көзделіп отыр. Қазір мұнда 10 маман, 20 жұмысшы тұрақты еңбек етуде. Жалақы 90-95 мың теңгеден кем емес.

Облыс басшысына мұндағы жұмыстар туралы «Таразстрой-2004» ЖШС-ның басшысы Сембек Тұрдалиев баяндады. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев кестеге сәйкес Батыс мұнай жабдықтау компанияларымен келісім бар екенін, енді үш қондырғы және дайын блоктар келетінін атап өтті.

Қордайдың күншығыс жағы бойынша (Отар аймағы) 12 ауылға газ тартуды, құбыр тартуды «Байсын-А» ЖШС жүзеге асырады. Жобаның жалпы құны 4 миллиард 37 миллион теңгеге жуық. Тамыздың алғашқы күндерінде басталған бұл құрылыстың да аяқталуы төрт ай мерзімге белгіленген.

Жұмысқа 60 адам, 28 техника жұмылдырылыпты. 21 бригада тынымсыз жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір жұмыстың 25 пайызы бітіпті.

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарына қосымша 31 миллиард теңге бөлінген.

«Ауданның 22 елді мекені газбен қамтылады. Атап айтқанда бүгінгі күні 10 елді мекенге магистральдық газ құбыры тартылып, он елді мекенге ішкі құбырлар жүргізілуде. Ағымдағы жылы 100 мың адамды көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр. 6 елді мекенде таза ауызсу құбыры тартылып, 4 ауылда спорттық-сауықтыру кешендері салынып, Бұдан бөлек 4 көпқабатты тұрғын үй (230 пәтерлі), ел игілігіне берілгелі отыр», - деп атап өтті Е.Орынбаев.

Келесі сәтте Бердібек Сапарбаев Отар ауылында құрылысы жүріп жатқан ауылдық Мәдениет үйі және спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты, құрылыс жұмыстарын «Тараз – Ісмер» компаниясы қолға алған. Жоба құны – 323 миллион теңге.

Аймақ басшысының бұған дейінгі іссапарында тұрғындар ауылда Мәдениет үйі бой көтеріп, «көгілдір отын» келсе деген тілектерін айтқан еді. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті.

Облыс басшысы аталған ауыл ақсақалдарымен және ақ жаулықты аналармен амандасып, әңгімелесуді де ұмытпады. Оларды Отар ауылына «көгілдір отын» биылғы жылдың аяғына дейін келетінін айтып қуантты.

«Жоба бойынша газ құбыры әр көшеге тартылады. Оны үйге кіргізу құны бір отбасы үшін – 350 мың теңге. Бұл қаражат өздеріңізден шығады. Бірақ барынша жеңілдіктер қарастырылады. Мысалы, биыл 100 мың теңге төлеп, қалғанын келесі жылы өтеуге болады», – деп түсіндірді аудан әкімі Рүстем Дәулет.

Облыс әкімі Ауқатты ауылының тұрғындарымен кездесіп, әр үйге «көгілдір отынның» тартылуына байланысты мәселелерге мән берді.

Бұдан кейінгі сапар Сортөбе ауылында жалғасты. Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Бұларовтың айтуынша, ауылдағы 1646 ауланың 1200 ауласында көгілдір отын кіргізу мәселесі шешілгелі отыр.

Облыс әкімі Масаншы ауылында да болды. Мұнда да тұрғындардың 90 пайызы «көгілдір отынды» үйлеріне кіргізуге келісім беріп, жақсы жаңалыққа қуанып отыр. Сондай-ақ мұнда Қордай «InteLLec « көпсалалы колледжі салынып жатыр. Колледж 2022 жылы іске қосылады.

Қаракемер ауылында да көгілдір отынның келуіне қуанып жатқан тұрғындар көп. Ауылдық округ әкімі Жұлдызбек Бахаевтың айтуынша, 9 көшенің 7-еуінде газдандыру алдындағы жұмыстар қарқынды жүруде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT