Биыл көмір тапшылығы болмайды - Алматы әкімдігі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматы әкімдігі биыл жылу беру маусымында көмір тапшылығы болмайды деп сендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шенеуніктердің айтуынша, биыл қаланы жылытуға жектілікті көмір қоры бар.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ерлан Омаровтың айтуынша, бір тәулік ішінде 650 тоннаға дейін көмір сатылып жатыр.

«2018 жылдың мамырынан бастап бүгінге дейін 53,8 мың тонна көмір жеткізілді. Қаламыздың 75 пайызына көмір берілді. Көмір әр 2 күн сайын келеді. Ал қазан айында 46,5 мың тонна немесе 665 вагон көмір жеткізу жоспарланып отыр», - дейді Ерлан Омаров.

Алматыда 4831 үйде газ жоқ. Биыл осы үйлерді жылытуға  50 мың тонна көмір қажет.

«Қала базасындағы көмірдің 80 пайызы Алматы облысының тұрғындарына сатылады. Себебі, облыстық базалар ауылдардан алыс орналасқан. Алматы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесе отырып, жылыту маусымына дайындық және резервтегі көмір қорларына апта сайын бақылау жүргізілуде»,  - деді Е. Омаров.

«Әлем Көмір» ЖШС қорында көмір түсіру қызу жүріп жатыр. Серіктестік директоры Наталья Ивашина көмірмен қамту туралы айтып берді.

«Көмір үнемі жеткізіліп отырады. Халықтың мұқтажы әрдайым ескеріледі. «Қаражыра» көмір разрезімен тікелей жұмыс істеудеміз. Негізгі көмір ресурсы осы қордан алынады. Көмірдің бір тоннасы - 14500 тг. Жылу маусымы мен сұраныстың көптігіне қарамастан бұл баға өзгермейді», - деді Наталья Иванишина.

Айта кету керек, биыл Алматыда көпқабатты тұрғын үйлерге 15 қазаннан бастап жылу беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар