Биыл колледждерге түсуге 180 мыңнан астам талапкер өтініш берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда колледждерге түсуге 180 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Бұл туралы Іnstagram желісінде өткен тікелей эфир барысында Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 маусымнан 25 тамызға дейін колледжге түсу үшін құжат қабылдау жұмыстары жүргзілді. Нәтижесінде 180 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде 120 мыңнан астам өтініш мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданды», - деді Алтай Рахимберлин.

Сонымен қатар ол колледждерде қабылдау емтихандары алынып тасталғанына тоқталды.

«Тек медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша талапкерлер арнайы емтихан тапсырады. Жұмыс мамандықтарына талапкерлермен әңгімелесу қорытындысы негізінде қабылданады. Ал қолданбалы бакалавр мамандықтарына талапкерлер аттестаттың орташа балы негізінде іріктеледі», - деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы.

Еске салайық, бұған дейін «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін барлық талапкерлер үшін колледждерде білім алу тегін болатынын жазып едік.


Соңғы жаңалықтар