+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Биыл көліктің қандай брендтерін қазақстандықтар көп сатып алды

2020 жылғы 13 тамыз 13:07
Бөлісіңіз:
Биыл көліктің қандай брендтерін қазақстандықтар көп сатып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 42 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде бірқатар пойыз қозғалысына өзгеріс енгізілді 27 қыркүйекте елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады Семейде қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіледі

«Аталған кезеңде ресми дилерлер 42 372 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,6 пайызға жоғары. Биылғы жеті айда қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 383,6 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 10 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.

Көлік сатып алушы 29 462 адам (69,5 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, биылғы 7 айда сатылған 12 910 автомобиль (30,5 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (9717 көлік), Hyundai (8030), Toyota (5581 ), Ravon (5112 ) және KIA (3695) көліктері көш бастады.

Мұнымен қоса, сатылымы жоғары болған ТОР-ондықта - Renault (1461 көлік), GAZ (1367), Nissan (1140), Volkswagen (1116) мен UAZ (975) бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT