Биыл Көкшетауда көппәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Көкшетауда көппәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің жұмыс бабымен қаладағы бірқатар құрылыс нысандарында болғанында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Өңір басшысы алдымен Көкшетаудағы "Васильковка" шағынауданында жаңадан салынып жатқан 30 пәтерлі екі бес қабатты тұрғын үй, 35 пәтерлі жеті қабатты, 45 пәтерлі тоғыз қабатты және 30 пәтерлі төрт тұрғын үйде болды.

Еске сала кетсек, 2015 жылы Көкшетау қаласында барлығы көппәтерлі 11 тұрғын үй тұрғызу жоспарланған. Осыған байланысты аумағы 26 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілетін болады.

Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары аяқталу үстінде және алдағы 10 күннің ішінде 150 тұрғынға "ТұрғынүйҚұрылысЖинақбанкі" АҚ арқылы 30 пәтерлі бес тұрғын үйден жаңа пәтердің кілті тапсырылмақ.

Соңғы жаңалықтар