Биыл Kids Go Free арқылы 2-3 мың балаға тегін авиабилет беріледі

None
Фото: media.cntraveler.com
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Өткен жылы Kids Go Free бағдарламасын 700 отбасы пайдаланды, 1,5 мың бала ұшақпен тегін үшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«421 шетелдік туристке туристік пакет құрамында субсидия төленді. Сатып алынған 2 туравтобус бойынша бизнес шығындарының бір бөлігін өтеу мақұлданды. Сондай-ақ, Зеренді ауданындағы «Парус» балалар сауықтыру орталығы бойынша өтемақы алу өтінімі мақұлданды», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризмді дамыту мәселелері жөніндегі көшпелі кеңесте.

Оған қоса, министрлік қолдау шараларының тиімділігін арттыру үшін талаптар мен тетіктерді оңайлату жұмыстарын жалғастыруда. Әкімдіктер өтеу туралы өтінімдерді биылғы 1 наурызға дейін жолдауы қажет.

Өз кезегінде министр Асхат Оралов Kids Go Free бойынша мың жарым баланың өте аз екенін айтты.

«Кем дегенде 2-3 мың бала бұл жеңілдікті пайдалануы керек. Маркетинг пен жарнаманы көбейту керек, өйткені көптеген адамдар бұл бағдарлама туралы білмейді. Ел ішінде ресми операторлар арқылы тур сатып алған отбасылардың балаларына тегін авиабилет беріледі. Мұнда барлық заң талаптары сақталуы керек. Төлем мерзімін 6 айдан 6 жұмыс күніне қысқарту қажет. Бұл ел ішіндегі отбасылық демалыс мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деді Асхат Оралов.


Фото: media.cntraveler.com


Соңғы жаңалықтар