Биыл Қазығұрт ауданында тамшылатып суару тәсілі кеңінен пайдаланылды - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қазығұрт ауданында тамшылатып суару әдісі 354,6 гектар жерге пайдаланылды.

Қазығұрт ауданының әкімі Болатбек Қыстауовтың айтуынша, жалпы аталған суару жүйесін пайдаланған аумақтың жалпы көлемі 1543 гектар. «Жылдың соңына дейін біз тағы 159 гектарға осы әдісті енгіземіз», - деді аудан әкімі.

Б.Қыстауовтың мәлімдеуінше, биыл егістік жердің аумағы - 85 300 га. 40 мың гектар жерден шаруалар 70 мыңға жуық дәнді дақылдарды жинап алды. Бұл ретте орташа өнімділік әр гектардан 17,2 центнерге жетті.

«Ауданымызда жоспарлап отырғанымыздан 9,64 га жерге көп жылыжай шаруашылықтары салынды және қазіргі кезде жылыжайлар 73,2 гектар жерді қамтиды», - деді Болатбек Қыстауов.

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда да мақтан ететін жайттар бар. Нақтырақ айтқанда, шару қожалықтары 3 378 бас ірі қара мал сатып алды. Ал 12 ауылдық аймақта жасанды жолмен ұрықтандырудың 27 орны ашылды. Ауданның өнеркәсібінде де табыстар бар. ҮИИД индустрияландыру картасы бойынша ауданда жалпы құны 1129,5 млн теңгені құраған үш жоба іске асырылды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша сегіз жоба мемлекеттік қолдауға ие болып, соның ішінде төртеуіне инфрақұрылым тартылды.

Соңғы жаңалықтар