Биыл қажылыққа Қазақстаннан 5000 адам аттанбақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстаннан мұсылманның бес парызының бірі - қажылықты өтеуге елімізден 5000 адам аттанбақ. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінің хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.

Оның айтуынша, қазір бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен еліміздегі мешіттерде қажылық курстары ұйымдастырылып, сауаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қажыларға арналған осындай дәріс Алматыдағы Орталық мешітте де өтті. Сапарға аттанатын мұсылман қауымының қажылық рәсімдерін дұрыс атқаруда білімдері арттырылып, ұлы сапардың маңызды тұстары түсіндірілді. Айта кету керек, ұлы құлшылыққа дайындық жамағат жүрегінде үлкен толқу туғызуда. Тіпті, бүгін қажылықтың қасиеті мен ұлы құлшылықтың артықшылықтары туралы айтылып жатқан дәрісте уағыз тыңдап отырған бір қария көз жасына ерік берді. Уағыздан әсерленген ақсақал қажылыққа бару туралы арманының орындала бастағанына қатты қуанып, жүрегі толқып, көңілі босап қоя берген.

Соңғы жаңалықтар