Биыл «Қазақтелеком» 400-ден астам ауылға интернет тартады
Асхат Өзбеков «Қазақтелеком» тарапынан «Ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу» атты жоба дайындалып жатқанын айтады. Осы жобаның арқасында келесі жылдың аяғына дейін 800-ден астам ауыл интернетке қосылуы тиіс.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде оптикалық-талшықты байланыс желісін салу жобасы біздің компания үшін стратегиялық мақсаттың бірі саналады. Өткен жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен осы мақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған болатын», - деген Асхат Өзбеков осы жоба аясында 15 мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты магистраль салынатынын айтты.
«Келесі жылдың соңына дейін 800-ден астам шалғай ауылды интернетке қосу жоспарланған. Ал биыл 400-ден астам ауылдық елді мекенде интернет желісін қосу жоспарланып отыр», - деді Асхат Өзбеков.