Биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі қандай болады - министр болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметте 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамына нақтылау енгізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік экономика өсімі халықаралық ұйымдардың консенсус болжамы бойынша, осы жылы 5 пайызға төмендейді. Ал 2021 жылы өсім күтіліп отыр. Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының нақты өсімін осы жылы минус 2,3%-тен минус 2% аралығында деп бағалайды. Келесі жылға тұрақты өсімді болжайды», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Министр экономика секторларының қазіргі үрдістерін ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігінің бағалауынша 2020 жылы Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімнің өсімі минус 2,1%-ті құрайтынын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар